• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы  №47 

866 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 28 қаңтар, Астана қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және басқа есептік ақпаратын ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2016 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрі Б.ИМАШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Инвестициялар және даму министрі Статистика комитетінің төраға міндетін атқарушысы __________________ Ә.ИСЕКЕШЕВ __________________ Б.ИМАНАЛИЕВ 29 қаңтар 2016 жыл 29 қаңтар 2016 жыл Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №47 бұйрығымен бекітілді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және басқа есептік ақпаратын ұсынудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Қағидалар «Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» статистикалық есептілігін (бұдан әрі – Статистикалық есептілік) ұсыну тәртібін айқындайды. 3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: 1) есептік кезең – Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің көрсеткіштері статистикалық есептілік нысанында көрсетілетін, уәкілетті орган белгілеген күнтізбелік (уақытша) мерзім; 2) ЖМКТМДҚ – Жылжымалы мүлік кепілі тіркелімінің мемлекеттік деректер қоры; 3) статистикалық есептілік – белгіленген нысанда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі филиалдар қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер; 4) статистикалық есептіліктің нысаны - Мемлекеттік корпорация филиалдарының міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге байланысты қызметі көрсеткіштерінің жүйесі; 5) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары - Мемлекеттік корпорацияның құрамына кіретін, өзінің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асырушы заңды тұлғалар; 6) www.e.gov.kz «электрондық үкімет»: веб-порталы (бұдан әрі – портал). 2. Статистикалық және өзге де есептілікті ұсыну тәртібі 4. Статистикалық есептілік көрсеткіштері бастапқы есеп көздерінен (Тіркеуге түскен құжаттар есебінің кітабы, Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімі, Кіріс-шығыс хаттар-хабары есебінің журналы, номенклатуралық істер, портал, ЖМКТМДҚ) алынған тиісті сандық деректерді іріктеп, статистикалық есептілік нысанының бағандары бойынша көрсету арқылы қалыптастырылады. 5. Деректер ағымдағы жылдың есептік тоқсанына бөлініп көрсетіледі. 6. Статистикалық есептілік осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларына сәйкес статистикалық есептілік нысандарын толтыру арқылы ұсынылады. 7. Статистикалық есептілікті Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары Мемлекеттік корпорацияға ұсынады. 8. Статистикалық есептілік тоқсан сайын өсу қорытындысымен есептілік кезеңінен кейінгі айдың 10-на қарай ұсынылады. 9. Статистикалық есептілікке Мемлекеттік корпорация филиалының орындаушысы және басшысы қол қояды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және басқа есептік ақпаратын ұсыну қағидаларына 1- қосымша Нысаны Мемлекеттік корпорацияның міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер 20___ жылғы ____ тоқсандағы есептік кезең Индекс: 1. ЖМКТ Мерзімділігі: тоқсан сайын Ұсынатын тұлғалар шеңбері: Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары Қайда ұсынылады: Мемлекеттік корпорация Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне. Көрсетілген қызметтер саны № Мемлекеттік корпорацияның филиалының атауы Есептік кезең Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш беру Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы түскен өтініштер саны Тіркелген жылжымалы мүлік кепілі шартының саны Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы бас тартылған өтініштер саны Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мерзімдері Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтату туралы түскен өтініштер саны оқтатылған жылжымалы мүлік кепілі шартының саны Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәлік Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәлік дубликаттарының саны Жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен көшірме саны Тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету туралы түскен өтініштер саны Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы түскен өтініштер саны Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы бас тартылған өтініштер саны Өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы тіркелген өтініштер саны Жеке тұлғалар Сомасы Заңды тұлғалар Алым сомасы Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар 2 күннен артық 1 күннен артық электронды Жеке тұлғалар Сомасы Заңды тұлғалар Алым сомасы Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар Саны Сомасы Саны Сомасы Саны Саны Сомасы Жеке тұлғалар Сомасы Заңды тұлғалар Алым сомасы Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар Жеке тұлғалар Заңды тұлғалар қағаздай Порал арқылы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 Есептік кезең Ұқсас кезең Филиалдың атауы ______________________________ Мекенжай ______________________________________ Электронды поштаның мекенжайы_____________________________ Орындаушының тегі және телефоны ___________________________ Телефон _________________ Басшы ____________________________________________________ (Т.А.Ә. қолы) Күні «___» ____________________ 20 ___ жыл М.О. Нысанды толтыру жөніндегі түсінік Нысан былайша толтырылады: 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі; 2-бағанда облыстардың, Астана және Алматы қалаларындағы Мемлекеттік корпорациясының филиалының атауы көрсетіледі; 3-бағанда есепті кезең көрсетіледі; 4-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге өтініш берудің нысаны: қағаздай немесе порталы арқылы екендігі көрсетіледі; 5-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге түскен өтініштер саны көрсетіліп, ол 4 бөлімнен тұрады; 1) жеке тұлғалар 2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін бюджетке төленген алым сомасы 3) заңды тұлғалар 4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу үшін бюджетке төленген алым сомасы 6-бағанда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілі шарттарының саны көрсетіледі, ол 2 бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) заңды тұлғалар 7-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тартылған өтініштердің саны көрсетіледі, ол да 2 бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) заңды тұлғалар 8-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеудің мерзімдері көрсетіледі, ол да 2 бөлімнен тұрады: 1) қағаздық 2 күннен жоғары 2) электрондық 1 күннен жоғары, кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесі мен электрондық үкіметтің порталына түскеннен кейін 9-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтату туралы түскен өтініштер саны көрсетіледі, ол 4 бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтатқаны үшін бюджетке төленген алым сомасы 3) заңды тұлғалар 4) жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тоқтатқаны үшін бюджетке төленген алым сомасы 10-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі тоқтатылған шарттардың саны көрсетіледі, ол 2 - бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) заңды тұлғалар 11-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы берілген куәліктердің саны көрсетіледі және ол 2 - бөлімнен тұрады: 1) саны 2) сомасы 12-бағанда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктердің берілген телнұсқаларының (дубликаттарының) саны көрсетіліп, 2 бөлімнен тұрады: 1) саны 2) сомасы 13-бағанда жылжымалы мүлік кепілі тізілімінен көшірмелердің саны көрсетіледі; 14-бағанда тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету туралы түскен өтініштердің саны көрсетіледі және ол 4 - бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 3) заңды тұлғалар 2) алым сомасы 4) алым сомасы 15-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түскен өтініштер саны көрсетіледі және ол да 4 - бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) тіркелген кепілге өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін бюджетке төленген алым сомасы 3) заңды тұлғалар 4) тіркелген кепілге өзгерістер мен толықтырулар енгізгені үшін бюджетке төленген алым сомасы 16-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бас тартылған өтініштер саны көрсетіледі және ол 2 - бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) заңды тұлғалар 17-бағанда өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркелген өтініштер саны көрсетіледі және ол да 2 - бөлімнен тұрады: 1) жеке тұлғалар 2) заңды тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де басқа есептік ақпаратын ұсыну қағидаларына 2-қосымша Нысаны Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден заңсыз бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны туралы мәліметтер 20___ жылғы ____ тоқсандағы есептік кезең Индекс: 2.ЖМКТ Мерзімділігі: тоқсан сайын Ұсынатын тұлғалар шеңбері: Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары Қайда ұсынылады: Мемлекеттік корпорация Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне. № Мемлекеттік корпорацияның филиалының атауы Кепілді немесе оның тіркелуін жарамсыз деп тану туралы шығарылған сот шешімдерінің саны Тіркеуші органның кінәсінен Басқа негіздер бойынша Олардан заңды күшіне енгендері 1 2 3 4 5 Филиалдың атауы __________________________________________ Мекенжай _________________________________________________ Электронды поштаның мекенжайы_____________________________ Орындаушының тегі және телефоны ___________________________ Телефон _________________ Басшы ___________________________________________________________ (Т.А.Ә. қолы) Күні «___» ____________________ 20 ___ жыл М.О. Нысанды толтыру жөніндегі түсінік Нысан былайша толтырылады: 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі; 2-бағанда Мемлекеттік корпорацияның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарының атауы көрсетіледі; 3-бағанда тіркеуші органның кінәсінен жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден бас тарту туралы шығарылған сот шешімдерінің саны көрсетіледі; 4-бағанда басқа негіздер бойынша шығарылған сот шешімдерінің саны көрсетіледі; 5-бағанда заңды күшіне енген сот шешімдерінің саны көрсетіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 10 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13043 болып енгізілді.